ҚМА аумақтық департаменті Шымкенттің Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан.
"Ол 700 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеліп отыр. Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!