Шымкентте сот шешімімен ақша бопсалады деген күдікпен ер адам қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте сот шешімімен ақша бопсалады деген күдікпен ер адам қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Шымкентте ер адам видеокамераға түсірілген материалдарды жариялаймын деп ақша бопсалап жүр деген хабарлама түскен.
"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Жедел іздеу шаралары барысында Шымкент қаласының 1980 жылы туған тұрғыны 50 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 253-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
ОҚО-ның Абай аудандық соты 36 жастағы күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Полицейдер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтады. Соталды тергеу жүріп жатыр.