Шымкентте алкоголь өнімдері дайындалған жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте алкоголь өнімдері дайындалған жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысатын жасырын цехтың қызметі тоқтатылды.
Тексеру барысында көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған 18 түрлі алкоголь өнімдерінің 6671 бөтелкесі, 15 тонна спирт, 67 есепке алу-бақылау маркалары, сұйықтықтарды араластыратын сорғы, алкоголь өнімдеріне арналған 146 бос қорап және 750 бос бөтелке, 500-ден астам қақпақшалар және 40 625 теңге ақша қаражаты анықталып, тәркіленіп алынған.
"Дайындалған алкоголь өнімдерінің әрі қарай Шымкент қаласының азық-түлік дүкендеріне өткізілетіндігі анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды (көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдану және өткізу). Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде осы іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген комитеттің хабарламасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!