Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу шараларының нәтижесінде суррогат алкоголь өнімін өндіретін 4 жасырын цех қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімі, 75 литр спирт, 13,4 тонна спирті бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 орама есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленгені хабарланды. Сондай-ақ, контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленген.
"Шымкент бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес, 4 астыртын цехтың ұйымдастырушылары мемлекетке 9 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.
Үш дерек бойынша ҚР ҚК-тің 233-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, бір дерек бойынша күдікті кінәсін толығымен мойындап, залалдың орнын толтырды", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері қолдан жасалған алкогольді ішу мүгедектікке, бүкіл әлем бойынша жүздеген мың адамның өліміне әкелетінін ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!