04 наурыз 2014 11:34

Шымкентте Ан-72 ұшағы апатына қатысты сот басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құлаған ұшақтың қалдықтары. ©Тengrinews.kz Құлаған ұшақтың қалдықтары. ©Тengrinews.kz

Бүгін - 4 наурызда Шымкенттің Абай аудандық сотында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырау дерегі бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазаэронавигация" РМК Шымкент филиалының диспетчері Қанат Ақылбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 295-бабының 3-бөлігі ("Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне соқтырған әуе көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу") бойынша айыпталып отыр. Сот барысында іс бойынша сегіз куәгердің өтетіні белгілі болды. Қосымша куәгерлер мен ресейлік сарапшылар да қатысуы мүмкін. Еске салайық, ҚР Бас әскери прокуратурасының тергеу тобы "Қазаэронавигация" РМК Шымкент филиалының диспетчері Қанат Ақылбековке қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ол ұшақтың апатқа ұшырауына кінәлі деп айыпталып отыр. Апат салдарынан 27 адам қайтыс болған еді, оның 20-сы - әскери қызметкер, жетеуі - экипаж мүшесі. Ұшақ апаты құрбандарының арасында Шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен оның әйелі және Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болды. Әскери ұшақ 2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы аумағына құлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети