27 маусым 2017 | 11:31

Шымкентте аудандық ЖПҚ басшысы ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық Жергілікті полиция қызметінің басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық Жергілікті полиция қызметінің басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Шымкент аудандық соты ер адамды қамауға алу туралы шешім қабылдады. Еңбекшіқазақ аудандық Жергілікті полиция қызметінің басшысы жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. "Ер адам лауазымды тұлға бола тұрып, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, жүйелі түрде және ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүргендерге әлеуметтік қолдау ретінде бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген" , - деді ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері.

Ұйымдасқан қылмыстық топта 5 адамның болғаны белгілі болды. Шығынның алдын ала көлемі - 5,5 миллион теңге. Қылмыстық топ 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келген. Еңбекшіқазақ аудандық Жергілікті полиция қызметінің ұсталған басшысы ол кезде басқа бөлімде жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ер адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етті деген күдікпен әйел ұсталған болатын. Ол мемлекет бөлген қаражатты қолма-қол ақша етіп жатқан жерінен ұсталған еді. Тінту жұмыстары барысында әйелдің көлігінен 180 банк картасы, 88 мөр, 22 жеке куәлік, еңбек кітапшалары мен алтын бұйымдар табылып, тәркіленген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети