30 қаңтар 2015 | 12:35

Шымкентте автобус жарыстырған жүргізуші сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©mediatv.kz Оқиға орны. ©mediatv.kz

Шымкентте автобус жарыстырған жүргізуші сотталды. Үкім әл-Фараби аудандық сотында кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автобус жарысына бір қыз қаза тапқан болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте автобус жарыстырған жүргізуші сотталды. Үкім әл-Фараби аудандық сотында кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автобус жарысына бір қыз қаза тапқан болатын.

Сот материалдарды екі апта бойы қарады. Нәтижесінде 29 жастағы жолаушылар автобусының жүргізушісі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша айыпты деп танылды. "Сот екі жақтың дәлелін тыңдап, Нұртай Сейсенбаевты айыпты деп танып, оны 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қоныс-колониясында өтейді. Сотталушы үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды", - деп оқыды үкімді әл-Фараби сотының төрағасы Маратәлі Бекназаров. 

Бұл бап бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айыру ең ауыр жаза болып есептеледі. Сотталушы сот үкімін бұздыру туралы шағымдануға ниеттенген жоқ. Автобус жарысының салдарынан қаза тапқан қыздың отбасы материалдық және моральдық зиянды төлету үшін азаматтық сотқа арызданғалы отыр.

Еске сала кетейік, 2014 жылы 2 қарашада Нұртай Сейсенбаев басқарағн автобус аялдамаға соғылды. Оған оның артында келе жатқан тағы бір автобус соқтығысты. Оқиға салдарынан 28 жастағы Лаура Әшірова алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Оның артында төрт жастағы ұлы қалды. Сонымен қатар, аялдама тұрған тағы бір әйел зардап шекті. Оның омыртқасы қатты жарақаттанып ол ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер бұл оқиғаға жолда жарыс ұйымдастырған автобус жүргізушілері кінәлі екенін айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети