Шымкентте аяусыздықпен адам өлтіргендер видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Желіде Шымкентте аяусыз адам өлтіргендердің видеосы тарады. Арты қайғылы оқиғаға ұласқан жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, ал күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Шымкентте аяусыз адам өлтіргендердің видеосы тарады. Арты қайғылы оқиғаға ұласқан жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, ал күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода екі ер адамның сөйлескені көрінеді. Содан кейін біреуі пышақпен екіншісіне шабуыл жасайды. Жараланған адам қашып кетуге тырысқан, бірақ шабуылдаушы оны ұстап алып, тағы да бірнеше рет пышақ сұғып алған. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Полиция мәліметінше, 27 наурызда Абай аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне Түркістан шоссесінде орналасқан дүкендердің бірінің маңында екі ер адам төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция жасағы, жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар барған. Бүгінде іс бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ер адам тергеу изоляторына қамалды.

"Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркеді. Сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Шымкент ПД баспасөз қызметі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ауыр қылмыстың себебі қызғаныш болған. Тергеуге байланысты басқа ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети