Оңтүстік Қазақстан облысында Аяжан есімді 4 жасар қызды ұрып өлтірген бала бағушы әйелге жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бала бағушы қаза тапқан қыздың інісі Ерасылға да бірнеше дене жарақатын салған.

Соттың мәліметінше, 2015 жылдың қаңтарында әйел балаларды өз қарауына алған. Ол балаларды оңдырмай ұрып-соққан. Сот әйелді өлімге әкелетін ауыр дене жарақатын салу және кәмелеттік жасқа толмаған баланы қинау бойынша кінәлі деп тапты. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел жазасын жалпы режимдегі түзету мекемесінде өтейді. Соттың үкімі әзірше күшіне енген жоқ.
Осыған дейін сот-психиатрлық сараптамадан бала бағушының балаларды саналы түрде, өз-өзіне есеп бере алатын жағдайда ұрып соққаны анықталған болатын. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының хирургия жөніндегі бас дәрігері Болат Нұсқабаев қызға да, балаға да бірдей диагноздың қойылғанын айтты. "Миы шайқалған, бассүйек ми жарақаты, мидың ішіндегі ісік, денелерінде көптеген жарақат, тері асты гематомалар, қатал қарау синдромы", - деді Нұсқабаев.
Еске сала кетейік, бұл оқиға биылғы қаңтарда болған еді. Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне төрт жасар Аяжан мен оның інісі Ерасыл түскен болатын. Оларды бала бағушы әйелдің ұрғаны белгілі болды. Қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмады, ол бас миының жарақатынан көз жұмды. Тергеу кезінде әйел мұндай қадамға баруын балалардың өзінің "жүйкесін жұқартқанымен" байланыстырды.