26 мамыр 2022 10:23

Шымкентте балалы әйелге шабуыл жасаған ер адам пойызда ұсталды

Камила Долаева Журналист

Шымкент полицейлері лифт ішінде балалы әйелге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент полицейлері лифт ішінде балалы әйелге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін полиция "Нұрсат" шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған ер адамды іздестірген болатын. 

"Тәртіп сақшылары ер адам мегаполис тұрғыны екенін анықтады. Оны жедел топ Шиелі бекетіндегі пойыз вагондарының бірінен ұстады, онда ол қылмыстық қудалаудан жасырынбақ болған. Ер адам түнде Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - деп түсіндірді Шымкент полициясындағылар.

Реклама
Реклама

Қазір соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, ер адамның лифтідегі әрекеті камераға түсіп қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram