Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Шымкентте ер адам лифтіде балалы әйелге шабуыл жасады 25 мамыр 2022, 15:53

Шымкентте ер адам лифтіде балалы әйелге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Шымкентте ер адам лифтіде балалы әйелге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 25 мамырда сағат 8:43-те, болжам бойынша "Нұрсәт" шағынауданында болған.

Куәгерлер "Отырар" телеарнасы редакциясына жолдаған кадрларда сәбилер арбасымен лифтіге кірген әйелдің артынан ер адам кіргенін көруге болады.

Бір мезетте ол әйелдің аузын жауып, арбадан ішінде ақша болуы мүмкін пакетті тартып алады. Бір қолымен әйелдің аузын жауып тұрып, екінші қолымен әлгі пакетті сөмкесіне салады. Осы кезде лифт есігі ашылып, сәбилі әйел қашып шығады.

Шабуыл жасаған ер адам балалы әйелден не тартып алғаны әзірге белгісіз. Бұл бейнероликті тәртіп сақшылары зерттейді.

"Шабуыл жасаушы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Басқа қабаттың түймесін басқан ол, тағы бір құрбанын күткен болуы да мүмкін. Ер адам басқа әйел кірген сәтте лифтіден бірер секундқа шығып, қайта оралады. Дәл осы жерде видео үзіледі", - делінген басылымда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram