03 ақпан 2015 23:16

Шымкентте белгісіз біреулер бес жасар баланы сабап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Media.tv ©Media.tv

Шымкентте бес жасар бала ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілші облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Шымкентте бес жасар бала ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілші облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жедел жәрдем тобы тері асты қанды ісіктері бар баланы жан сақтау бөліміне жеткізді. "Бала ауыр жағдайда түсті. Ол жүдеп кеткен. Мұнымен қатар, оның басынан аяғына дейін қанды ісігі бар. Біз "қатал қарау синдромы, бассүйек-ми жарақаты, миы шайқалған, денесінің көп бөлігі көгерген" деген диагноз қойдық", - деді Болат Нұсқабаев.

Баланың жарақатын оның анасының таныстары байқағаны анықталды. 31 жастағы анасы Шахноза Абдулиева Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде жұмыс істейтін әйелдерден баласының жарақатын қарап беруді сұраған. Ол баланың қолы біртүрлі көрінетінін айтып, бірақ қай дәрігерге қарату керек екенін білмеген. Әйелдер жаралы баланы көргеннен кейін бірден дәрігерлерді шақырған.

"Баланың қолы кесілген, қан ағып жатты, ісіп кеткен. Аяғы да, кеудесі де көгеріп кетіпті. Біз баладан "Мұны анаң жасады ма?" деген кезде ол "жоқ" деп жауап берді", - деді анасының танысы Санабар Тәжиева.

Шахноза Абдулиева Қазақстанға Самарқандтан 5 жыл бұрын келіп, содан бері қайыршылықпен күн көріп келген. Соңғы айда жақсы таныс емес әйелдің үйінде өмір сүріпті. Бірақ ол баспананың құнын (3 мың теңге) күнделікті төлеп жүргенін айтады. 

"Үйдің қожайыны тапқан тиын-тебенімізді түгелдей алып қойып жүрді. Маған кейде тамақ беріп жүрді, бірақ күнделікті емес. Ол мені ұрмайтын, бірақ балам оның ұратынын айтты, айқайлап ұрысатын", - деді Шахноза. Әйелдің айтуынша, ол уақытша тұрағынан кетіп қала алмайды. Әйел оны екі баласымен бірге жібермеген. Үйдің қожайыны екі баланың бірін міндетті түрде алып қалып отырған. Соңғы рет нәпақа табуға шыққанда Шахноза жаралы баласын алып шығады, ал бір жасар қызы Шабонаны алып кетуге келгенде әйел оны қуып жіберіпті. 

"Сол қожайын қызды асырап алғанын айтты. Менде 4 бала бар және осымен бесеу болады. Шахноза күнімен жылап шығады", - дейді Санабар Тәжиева. Әйел өз қызының анасы екенін дәлелдей алмайды, бірнеше жыл бұрын құжаттары, онымен қоса баланың да туу туралы куәлігі жоғалған. Енді бұл құжаттарды қайта жасату керек. Әйелдің танысы "Сана сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығына алып келген. Мұнда онымен әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдердің құқығын қорғау жөніндегі аға инспекторы мен орталықтың психологтары әңгімелесті.

"Қазір құқыққорғау органдарына арыз толтырамыз. Себебі ол қазір - адамдар саудасының құрбаны, яғни ол елден шығарылмайды. Оның Қазақстанға заңсыз келуінің себебін анықтау қажет. Оның құжаттары жоқ, ұрланды ма, тартып алынды ма, алданып, ақша табуға міндеттелді ме - осыны анықтау керек", - дейді құқықтық орталықтың вице-президенті Шахноза Хасанова. Қазіргі уақытта әйелге уақытша баспана беріледі, тамақпен қамтамасыз етіліп, заңгердің көмегі ұсынылады. Шахноза балаларын қайтарғаннан кейін Өзбекстанға қайтып кетпекші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети