Шымкентте белгісіздер бір әйелді таспен атқылап өлтірді, - деп хабарлайды TVK телеарнасы. Кісі өлтіру шілдеге қараған түні қаланың 11 ықшамауданында болды. Қаза болған әйелдің үстінде киімінің болмағаны айтылады, оның киімдері мен аяқ киімі оқиға орнына жақын маңда табылды.

Таяу маңдағы үйлердің тұрғындары күдік туғызатын ешқандай да дыбыстың естілмегенін айтады. Оларды таңғы уақытта тәртіп сақшылар оятыпты. Телеарна мәліметінше, полицейлер жақын маңда орналасқан мекемелердің бейнебақылау камераларын тексерген. Алайда оларда оқиға қатысты кадрлар табылмады. Сонымен қатар, жедел уәкілдер оқиға болған маңда орналасқан сауна қызметкерлерінен де жауап алған.
Қаза болған әйелдің аты-жөнінің анықталғаны туралы мәлімет жоқ. Оның оқиға болған аумақта өмір сүргені жайлы айтылады. "Өлтірілген әйел 30-35 жастарда, шашы қара түсті. Ол көк жейде және шолақ шалбар киген - гүлді банттары бар ақ балеткасы бар. Мүмкін біреулер осы оқиғаны көрген шығар, оларды полицияға хабар беруге шақырамыз", - делінген телеарна хабарламасында.