31 наурыз 2021 | 09:16

Шымкентте бір топ жігіт алып қашқан қыз табылды

© instagram

Шымкентте полицейлер қаланың 18-мөлтек ауданында жігіттер алып қашқан қызды тапты, - деп хабарлайды "Хабар-24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте полицейлер қаланың 18-мөлтек ауданында жігіттер алып қашқан қызды тапты, - деп хабарлайды "Хабар-24".

Алып қашқан жігіттер анықталған. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жігіттер қызды үйлену үшін ұрлаған.  

"Бұл дерек бойынша 126-баптың 2-бөлігі 1-тармағы ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жүріп жатыр", - деді Шымкент Полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Дәулеткелді Әбдіраманов.

Реклама
Реклама

29 наурызда қыз алып қашқан сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болған. Куәгерлердің айтуынша, көпқабатты үйлердің бірінің ауласында бірнеше жігіт қызды күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Қыз қарсылық көрсетіп, көмек сұраған. "Менің терезем көшеге қарайды. Сағат 1:30 шамасында. Айғай естілді. Қыз айғайлады. Кейін тағы бір қыздың айғайлағаны естілді. Содан кейін шу шығып, көлік асқан жылдамдықпен кетіп қалды", - дейді мөлтек аудан тұрғыны.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная