04 қараша 2019 | 12:58

Шымкентте бірқатар лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының бірқатар лауазым иесіне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының бірқатар лауазым иесіне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"2018-2019 жылдар аралығында колледжде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасының "Музыкалық колледж" МКҚК директорынан 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алғаны үшін қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы әшкереленді. Осыған ұқсас қылмысты жасады деп қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы күдікке ілініп отыр, ол орта мектептің оқу бөлімінің меңгерушісінен оны мектеп директоры лауазымына тағайындауға тест тапсыруына көмек көрсеткені үшін 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған", - делінген хабарламада. 

Аталған тұлғаларға қатысты процессуалдық ұстау кінәсін мойындаларына және келу туралы міндеттеме берулеріне байланысты қолданылған жоқ.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети