Шымкентте бірнеше телефонды қолды еткен атыраулық ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Атыраулық қалта ұры шымкенттіктердің 800 мың теңгесін тонап кеткен. Оқиғалар бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атыраулық қалта ұры шымкенттіктердің 800 мың теңгесін тонап кеткен. Оқиғалар бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оның телефонын базарда сауда жасап жүргенде ұрлап кеткен.

Аталған жайтқа қатысты тергеушілер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдады. Бейнебақылау камераларынан жазбаларды тексеру кезінде жедел уәкілдер қалта ұрлығына күдікті адамды тапты.

Белгілі болғандай, ол қолындағы күртешесімен жәбірленушінің қалтасын жауып, сол жерден смартфонын алып, "ізін суытқан". Тәртіп сақшылары бейнекамералар мен куәгерлердің көмегімен ер адамның қозғалыс бағытын қадағалап, оны бірнеше сағат ішінде жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Ол Атырау облысының 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында ұсталған адамның қала базарларындағы қалта ұрлығының тағы төрт жайтына қатысы бар екені анықталды. 1,5 айдың ішінде ол шымкенттіктердің жалпы құны 800 мың теңге тұратын телефондарын иемденіп алған.

Сондай-ақ ер адам бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қазір күдікті қамауда. Тергеушілер жәбірленушілердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro