Шымкентте екі келі апиынды өткізуге бара жатқан жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте екі келі апиынды өткізуге бара жатқан жүргізуші ұсталды ©12news.uz

Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында 43 жастағы ер азаматты 2 келіден астам апиын шикізатымен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында 43 жастағы ер азаматты 2 келіден астам апиын шикізатымен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 сәуірде болды. Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел тексеру барысында Шымкент қаласының Темірлан тас жолында "Nexia" маркалы автокөлікті басқарып келе жатқан 1972 жылы туылған жергілікті тұрғынды тоқтатады. Көлікті тексеру барысында полиция қызметкерлері автокөлік орындығының астынан полиэтилен пакетімен бес орамадағы есірткі затына ұқсас "апиын" тапты.

"Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 2 келі астам апиын шикізаты екені анықталды. Белгілі болғандай, 43 жастағы күдікті есірткі затын өткізу орнына апара жатқан", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети