Шымкентте ер адамды атып өлтірді деген күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 16 қазанда қаланың түнгі клубтарының бірінде болған.
Шымкентте ер адамды атып өлтірді деген күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 16 қазанда қаланың түнгі клубтарының бірінде болған.
Ведомствоның мәліметінше, үш күдікті анықталған. Оларды ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.
"2016 жылдың 16 қазанында таңғы төрттер шамасында Шымкенттің ІІБ Еңбекші аудандық полициясына облыстық емханадан желкесіне оқ атылған белгісіз ер адамның мәйіті түскендігі жайлы хабар түскен. Криминалдық полицияның қызметкерлері марқұмның кім екенін анықтады. Ол 1993 жылғы тұрғын болып шықты", - делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұл дерек Еңбекші аудандық полиция бөлімінің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") және 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша тіркелген.
"Куәгерлердің айтуынша, жедел уәкілдер түнгі клубтардың бірінде қонақтар арасында төбелес болғанын анықтаған. Полицйелер 1991, 1993 және 1996 жылғы күдіктілерді анықтаған. Оларды ұстау бойынша шара жүргізіп жатыр. Соталды тергеу жүргізілуде", - деп хабарлалы ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.