Шымкентте жалған ақша жасаушы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жалған ақша жасаушы ұсталды Фото ©REUTERS

Шымкентте 18 жастағы жалған ақша жасаушы ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 18 жастағы жалған ақша жасаушы ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Күдікті бұдан бұрын да ұрлық-қарлыққа қатысы бар деген баппен қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Полиция келтіріп отырған деректер бойынша күдікті 1996 жылы туған. Жасөспірімнен 500 теңгелік 17 дана жалған ақша табылған және жалған ақшалардың арасынан қолдануға жарамды 4000 теңгелік қоса шыққан.

"Күдіктінің үйін тінту барысында айғақты зат ретінде компьютер және жалған ақша шығаратын түрлі-түсті принтер табылды" дейді Ішкі істер департаментінің мамандары.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері оның бұдан бұрын жалған ақшамен жақын маңдағы дүкендерден сауда жасап, арақ-шарап және басқа тауарларды сатып алғанын анықтап отыр.

Қазірде "Жалған ақша және бағалы қағаздарды жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ісі жүргізіліп, сараптама жұмысы жасалуда.  

Еске салайық, бұдан бұрын Астанада полиция қызметкерлері 20 миллион теңге көлемінде жалған ақша жасағандарды ұстаған болатын. Құқық қорғау органдары мамандарының мәлімдеуінше, бұл қылмыстық топтың құрамы 7 адамнан құралған. Олар Жамбыл және Оңтүстік қазақстан облысының тумалары болып шыққан.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети