Полицейлер Шымкентте 11 наурызда болған жантүршігерлік жол апатына кінәлі делінген ер адамды қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлер Шымкентте 11 наурызда болған жантүршігерлік жол апатына кінәлі делінген ер адамды қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты болған жерден жасырынған жүргізуші екі сағаттан соң Шымкент қалалық полиция бөлімінің ІІБ-не келіп, кінәсін мойындаған. Ол Ордабасы ауданының 1986 жылғы тұрғыны болып шықты. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
"Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген полицейлердің хабарламасында.
Нақты мәліметтерге сүйенсек, жол апаты болған жерде Toyota Land Cruiser 200 көлігінің 1972 жылғы жүргізушісі мен оның 1981 жылғы әйелі қаза тапқан. Ал олардың 2011 жылғы ұлы қазіргі уақытта орталық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 11 наурызында шамамен сағат 01.30-да Шымкенттегі Әл-Фараби мен Юсупов көшелерінің қиылысында Toyota Camrу Toyota Land Cruiser 200 көлігімен соғысып, Toyota Camrу жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған еді.