Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шымкентте жеке үйлерге жарылыс ұйымдастырғандар сотталды

28 Наурыз 2014, 17:21
0
Айыпталушылар сот залында. ©tengrinews.kz
Айыпталушылар сот залында. ©tengrinews.kz

Шымкентте жеке үйлерге жарылыс топтамасын ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Александр Ефимовты дүние-мүлкін тәркілеп, қатаң режимдегі колонияға 14 жылға, Ерлан Аманболаевты дүние-мүлкін тәркілеп, қатаң режимдегі колонияға 13 жылға, ал Сергей Демченконы дүние-мүлкін тәркілеп, қатаң режимдегі колонияға 14 жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды.

"Барлық сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 6 бабы бойынша айып тағылды. "Барлық эпизодтар 108 баптың 1-бөлімімен айыптауға жатады, яғни ұйымдасқан қылмыстық топ. Бұл топ алты үйге жарылыс жасаған. Тіпті бір үйге - үш рет, басқасына - екі рет", - деді судья Мырзахан Исаев.

Алайда айыпталушылардың өздері мен олардың туыстары сот үкіміне разы емес. Олар бопсалаушылықпен айналысқаны және есірткіге еліккені үшін сотталдық деп ызаланып отыр. "Бірде-бір жәбірленуші бопсалау болды деп айтқан жоқ", - дейді сотталушы Александр Ефимов.

Айыталушылардың туыстарының айтуынша, іске қатысты тоғыз жәбірленушінің бәрі де сотталушыларды кінәлі деп есептемейтіні туралы судьяның атына хат жазған. "Бірде-бір жәбірленуші оларға қарсы ештеме айтқан жоқ. Оларға барған да жоқпыз, бопсалап, қорқытқан да емеспіз деп айтады. Есірткі таптық дегендері де дәлелденген жоқ. Істің бәрі қолдан жасалған", - деді сотталушының жұбайы Тамара Ефимова.

Еске сала кетейік, бұл оқиғалар Чапаев ауылында 2012-2013 жылдары болған. Барлығы 12 жарылыс орын алды. Оның бірінде Ресей азаматшасы зақымданған, ол ауыр дене жарақатын алған. Жарылыс кезінде қыз бала табанының бір бөлігінен айрылған. Қазірдің өзінде ол бірнеше рет операция жасатқан. Ал басқа оқиғаларда жәбірленушілер орташа дене жарақатын алған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай