Шымкентте жоғары шенді полицей ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1354 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: t.me/antikornews/видео кадры Фото: t.me/antikornews/видео кадры

Шымкентте жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирі полиция майоры К.Әлімханов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирі полиция майоры К.Әлімханов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"Қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағы қызметкерлерден 178 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирі полиция майоры К.Әлімханов ұсталды. Әлімханов жалпы қамқорлығы үшін өз қызметкерлерінен 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін полк басшылығына ай сайын пара алған деректері анықталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Әлімханов қол астындағылардан жүйелі түрде пара алғаны анықталған.

"Әлімханов автокөлік құралын мас күйде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпай, рота инспекторларымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобынан 130 мың теңге сомасында пара алған дерегі тіркелді. Сондай-ақ, Әлімханов заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қоластындағылардан 2 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Сот Әлімхановқа қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Тергеу жалғасып жатыр.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro