24 қазан 2020 | 11:39

Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 18 қазанында сағат 11.00 шамасында Шымкент ПД Абай АПБ кезекші бөліміне Түркістан көшесінде мемлекеттік белгісі жоқ ақ түсті Daewoo Nexia маркалы көлігі тұратыны хабарланған.

Полиция қызметкерлері көлікті тексеру кезінде екі ойыншық тапанша, бір метрлік темір арматура, екі мемлекеттік көлік белгісі мен ер адамның тізесі қан көк түсті шалбарын тапқан. Сол күні аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша соталды тергеу басталды. 

"Жедел іс-шаралар барысында аталған автомобильдегі екі жолаушы көлік иесін пышақтап, оны Ақтас елді мекенінде орналасқан қоқыс қоймасына апарып, қылмысты жасыру мақсатында мәйітті өртегені анықталды. Күдіктілер ұсталды, олар Түркістан облысының 1994 және 1998 жылғы тұрғындары", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети