Шымкентте ЖШС директоры қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ЖШС директоры қаржы жымқырды деген күдікке ілінді Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Шымкентте ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті "Қамқор" жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети