27 ақпан 2020 | 17:30

Шымкентте қарумен қашқан сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің жедел-тергеу тобы әскери бөлімнен қару ұрлаған төртінші қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің жедел-тергеу тобы әскери бөлімнен қару ұрлаған төртінші қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, ол танысының үйінде жасырынып жүрген.

"Ер адам танысының үйінде жасырынып жүрген. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі “Макаров” тапаншасы мен травматикалық тапанша тәркіленді. Бұрын ведомствоаралық топ қызметкерлері сержанттан атыс қаруын сатып алған әскери қызметшінің тағы үш досын ұстады. Қылмыс жасағаннан кейін барлық күдіктілер бөлініп, полициядан жасырынып жүрген. Сондықтан ұстау бірнеше аймақта: Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында жүргізілді", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтап, ұстау ғана емес, сондай-ақ олар ұрланған барлық қаруды тәркілеуге мүмкіндік туды дейді құқық қорғау органдары. Бұл-29 “Калашников” автоматы және 28 “Макаров” тапаншасы, травматикалық тапанша және 2 дана пышақ.

ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте қарумен қашқан сарбаз қызмет еткен дивизияның командирі ұсталғаны хабарланған болатын. "Үш лауазымды тұлға - дивизия командиры, жедел кезекші, қатардағы келісімшарттағы әскери қызметкер ұсталды. Олар әскери қызмет ережелерін бұзғаны үшін, немқұрайлық танытқаны үшін ұсталды", - деген елі ІІМ Тергеу департаментінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети