ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2021 | 09:40
Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды: анасы ұсталды
Полиция Шымкентте жаңа туған нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция Шымкентте жаңа туған нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімге әкелді.
Еске салйық, 18 қазанда Шымкент полициясына Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау кезінде "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС қызметкері кіндігі кесілмеген жаңа туған нәрестенің мәйіті салынған пакетті тапқаны туралы хабарлама түскен.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Полиция Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также