1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды: анасы ұсталды 19 қазан 2021, 09:40

Полиция Шымкентте жаңа туған нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Полиция Шымкентте жаңа туған нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімге әкелді.

Еске салйық, 18 қазанда Шымкент полициясына Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау кезінде "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС қызметкері кіндігі кесілмеген жаңа туған нәрестенің мәйіті салынған пакетті тапқаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Полиция Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram