Шымкентте колонияға телефон лақтырғандар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте колонияға телефон лақтырғандар видеоға түсіп қалды

Шымкентте колония аумағына телефон өткізу әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте колония аумағына телефон өткізу әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 9 наурызда кешке белгісіз ер адам оны ешкім байқамайды деген үмітпен Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/2 мекемесі аумағына телефон салынған қапшықты лақтыруға әрекет жасаған.

"Мекеме қызметкерлерінің қырағылығы, қалыптасқан жұмыс тәртібі мен жедел ақпарат оларға тыйым салынған затты мекеме аумағына заңсыз өткізуге жол бермеді", - делінген хабарламада.

Ұсталған ер адам жасаған қылмысы үшін іздеуде екені және бұрын сотталғаны анықталды. Оқиға орнына жергілікті полиция басқармасы қызметкерлерінен құралған арнайы топ жіберілді.

Куәгерлер көзінше белгісіз заттар салынған қапшық ашылды. Онда 3 ұялы телефон болды. Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа берілді.

"ӘҚБтК-ның 481-бабы ("Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған бұйымдар мен заттарды беру") бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды кез келген тәсілмен беруге әрекет жасау ескерту немесе 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді", - деп қосты ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети