30 мамыр 2014 | 13:20

Шымкентте қылмыстық топ екі бірдей зауытты "жаулап" алған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©imenno.ru ©imenno.ru

Қаржы полициясы бір жарым жыл бойы екі бірдей зауытта арақ-шарапты заңсыз шығарған қылмыстық топты құрықтады. Оның құрамында салық басқармасының қызметкерлері де болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы полициясы бір жарым жыл бойы екі бірдей зауытта арақ-шарапты заңсыз шығарған қылмыстық топты құрықтады. Оның құрамында салық басқармасының қызметкерлері де болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - А.Кәріпов пен В.Талыспаев. Олар "Тұтынушы" мен "Vin House" фирмаларына қарасты арақ-шарап зауыттары, сондай-ақ "Фиркан" сауда компаниясының басшыларымен сөз байласып, қылмыстық әрекеттерін іске асырды. Оған Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық салық басқармасының қызметкерлері де қатысты.

Тергеу кезінде қылмысты іске асыру жолы да анықталды. Зауыттардың арақ-шарап құю цехтарында айналма құбырлар орнатылған болатын. Сол арқылы алкоголь арнайы есептеу құралдарына дейін жетпей, ыдыстарға құйылып отырған. Осыдан кейін оған жалған акциздік маркалар жабыстырылып, республиканың сан алуан сауда орындарына таратылды. Зауыт бекеттерінде отырған салықшылар ол туралы білген. Сондықтан заңсыз тауар еш кедергісіз тексерістен өтіп тұрды.    

Быр жарым жылдың ішінде екі зауытта 26,5 миллион шөлмек заңсыз шығарылды. Ол арақтың жалпы соммасы 2,5 миллиард теңгені құрап отыр. Қаржы полициясының бастамасымен бірқатар облыстарда тауардың бұл түрі тәркіленді. Оның сапасы талапқа сай келмейді. Сондықтан адам денсаулығына қауіпті. Оны арнайы химиялық зерттеу де растады.    

Бүгінде қылмыстық топтың 17 мүшесі жауапқа тартылып отыр. "Vin House" ЖШС директоры Д.Китеров, жеке кәсіпкер Н.Губашев, Сайрам аудандық салық басқармасының мамандары К.Есенбеков, Г.Асанбеков және Е.Есеналыұлы сол санкциясымен қамауға алынды. Ал қылмыстық топтың жетекшіері - А.Кәріпов пен В.Талыспаев, сондай-ақ "Тұтынушы" ЖШС арақ-шарап құю цехының бастығы С.Беридзе қашып жүр. Оларға іздеу жарияланды. 

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.19  course up  543.92  course up  5.27  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer