Шымкентте қыз зорлағаны үшін 7 жыл іздеуде болған қылмыскер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қыз зорлағаны үшін 7 жыл іздеуде болған қылмыскер ұсталды Видеодан алынған

Шымкентте жеті жыл бойы жасырынып жүрген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жеті жыл бойы жасырынып жүрген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Бұған дейін полиция оның үш сыбайласын ұстаған және қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олар 2014 жылғы наурызда Шымкент қаласының Игілік кентінде Москвич-412 автокөлігінің салонында 23 жастағы танысын зорлаған", - деді ІІМ өкілі.

Күдіктінің тұрған жерін анықтау және ұстау үшін көршілері мен туыстары, жақын достары мен таныстарына сауалнама жүргізілген. Ол жасырынуы мүмін жерлер тексерілген.

"Тергеу органдары қылмыскерге мемлекетаралық, кейін халықаралық іздеу жариялады. Оның баруы мүмкін елдерге: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының ІІМ-іне бағдар жолданды. Қылмыс жасалғанға дейін күдікті Ресей аумағына бірнеше рет барғаны анықталды. Осыған байланысты қазақстандық детективтер көрші елге іссапарға барды. Соған қарамастан, жеті жыл іздеуден кейін жедел полиция қызметкерлері "қашқынның" орналасқан жерін анықтап, оны Шымкент қаласында "Эврика" сауда орталығының жанында ұстады", - деп толықтырды ІІМ қызметкері.

Ер адам "қашқын" болғандықтан, туыстарымен және достарымен қарым-қатынасын тоқтатып, әртүрлі қалаларда жалдамалы пәтерлерде тұрып, пәтер, үй жөндеумен айналысқан.

"Ешкім танымас үшін үнемі бас киім, қара көзілдірік киіп, мұртты мен сақалын өсірген. Адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға шықпаған. Ол Шымкент полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети