04 мамыр 2023 | 10:45

Шымкентте мектеп бухгалтері 67 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте мектептің бас есепшісі 67 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте мектептің бас есепшісі 67 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, күдікті үш жыл бойы жымқырған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заң бұзушылықтарға білім беру мекемесі директорының да қатысы барын мәлімдеді. Ол электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалана алмай, бұл жұмысты қарамағындағы қызметкерге сеніп тапсырған.

"Тергеу барысында бас бухгалтердің қылмыстық құқық бұзушылық жасауына бірқатар жағдайлар ықпал еткені анықталды. №138 мектептің директоры электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана алмаған және цифрлық жұмысты өз қызметкеріне тапсырған. Күдікті басшы тарапынан тиісті бақылау деңгейі жоқ екенін білген және мемлекеттік қаражатты өз қалауы бойынша қажетіне жұмсаған", - дейді Шымкент бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Олжас Тобашов.

Жыл басынан бері Шымкентте білім басқармасы мен осы саланың 13 лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Шымкент білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бұған қатысты пікірін айтты.

"Білім басқармасы қызметкерлері арасында осындай фактілердің анықталғаны, әрине, өкінішті. Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша көптеген іс-шаралар өткіздік және оның бәрі бекер сияқты. Білім басқармасы басшысының орынбасары және №96 мектептің директоры қылмыстық қудалауға ұшырады. Екі жыл бұрын №132 мектептің директоры жемқорлық фактісі бойынша күдікті болды. Өкінішке қарай, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Әріптесіміз өз-өзіне қол салып, көз жұмды. Өткен жылдың басында басқарманың бас маманы мен бухгалтері, ал қазіргі таңда екі балабақшаның бухгалтерлері пара алды деп күдікке ілінді", - дейді Шымкент білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети