Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Шымкентте мердігер 175 миллион теңге жымқырды деп айыпталды

18 Қаңтар 2015, 14:03
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Шымкентте мердігер 175 миллион теңге жымқырды деп айыпталды, - деп хабарлайды "24 kz" телеарнасы. Қалада әлеуметтік тұрғын үй құрылысында 175 миллион теңгенің игерілмегені белгілі болды.

Бар қаржыны мердігер жымқырды. Осылайша осы сомаға құрылыс жұмыстары жүргізілмеді.

Мемлекеттің "Нұрсат" шағын ауданындағы №128 және №129 тұрғын үйінің құрылысына бөлген қаржының төрттен бір бөлігі қолды болғаны хабарланды.

Бұл іске қалалық құрылыс бөлімі мен техникалық бақылау мекемесінің мамандарының қатысы бар болып шықты. Порталдың мәліметінше, бұл деректерді қалалық прокуратура анықтап, қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, Қазақстанда құрылыс компанияларының қатысуымен көптеген алаяқтық тіркелді. Осыған дейін құрылыс компанияларының қазақстандықтарға 23 миллиард теңге қарыз болып қалғаны хабарланған болатын. Бұл сомадан екі миллиард теңгені сот орындаушыларының салымшылардың пайдасына өндіріп беруі керек болған белгілі болды. ҚР Әділет министрлігінің өкілдері бұның алдында құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауына байланысты атқару өндірістерінің тоқтағанын хабарлаған еді. Қазіргі уақытта өндіріп алу процессі қайта жалғасты. Ведомствоның мәліметінше, Астанада 2014 жылдың тоғыз айында үй салушыларының 384 атқару өндірісінен жалпы сомасы 21,5 миллиард теңге көлемінде ақша өндіру ісі болған. Тексеріс барысында Астананың төрт құрылыс компаниясы салымшыларға қарыз болып қалғаны анықталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай