29 шілде 2020 15:23

Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырғандар екі жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шымкенттің екі тұрғыны онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін екі жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкенттің екі тұрғыны онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін екі жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкент қаласының Экономикалық тергеу департаментінің тергеу нәтижелері бойынша, Наурыз және Нұрсат шағын аудандарында заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылды.

"Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен онлайн-казино ұйымдастырған екі адам Қылмыс кодекстің 307-бабының, 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Тәркіленген заттар (10 теледидар, 22 жүйелік блок, 22 монитор және басқа да техника) мемлекет кірісіне алынды. Қаржы мониторингі комитеті заңсыз ойын бизнесін белгіленген орындардан тыс жерде ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети