Шымкентте Қажымұқан атындағы орталық стадион директорының орынбасары 2 265 000 теңге пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот Құнанбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігінің "б" тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанымен, ҚР Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шарттыға ауыстырды, оның 2 жылы - сынақ мерзімі.
Құнанбаев 2012 жылы желтоқсанда жұмыс орнында танысқан Сапарова деген азаматшаға 1 айдың ішінде Шымкент қаласындағы балабақшалардың біріне меңгеруші қылып жұмысқа тұрғызуға уәде берген. Ол бұл қызметі үшін 15 мың доллар немесе 2 265 000 теңге талап еткен. Сапарова бұл соманы банктен несиеге алып, Құнанбаевқа нотариус арқылы тапсырған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталған Құнанбаев берген уәдесінде тұрмай, Сапарованы жұмысқа орналастырмаған. Сонымен қатар, оның ақшаны қайтармай, өз пайдасына жаратқаны белгілі болды.