Шымкентте порнография таратумен айналысқан топты ұйымдастырушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкентте порнография таратумен айналысқан топты ұйымдастырушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылғы шілдеде криминалдық полицияның жедел уәкілдері әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында онлайн трансляция жасайтын порностудияны анықтаған. Полицейлер бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, жарты жыл ішінде барлық қажет жедел-іздестіру шарасын жүргізді.
Нәтижесінде тергеушілер Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындарының ізіне түсті, оның ішінде 5 Қырғызстан және 5 Қазақстан азаматы бар. Полиция департаментінің қызметкерлері оларды үш мегаполистегі жалдамалы пәтерлерде ұстады. Тінту кезінде күдіктілерден 44 мың АҚШ доллары көлемінде ақша және Алматыдағы жылжымайтын мүлік пен есірткі де тәркіленді. Ірі қалалардағы жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан аса веб-порно-студиялар бар екені анықталды. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның ішінде екеуі кәмелетке толмаған.
"Бұл жайт бойынша соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабына сәйкес 9 айдан аса уақыт бойы жүргізілді, оның ішінде (Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді дайындауға тарту), (Ұйымдасқан топты құру және басқару), (Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) және (Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және олардың айналымы немесе порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуы)", - дейді Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Әбуов.
Бұл - онлайн режимде жұмыс істеген Қазақстандағы порностудияны анықтаудың алғашқы жағдайы. Соталды тергеу барысында тергеушілер куәгер ретінде 50-ден аса адамнан жауап алды.
Ведомство мәліметінше, олар өздерінің қылмыстық әрекетіне қашықтан ағылшын тілінен орыс тіліне аудармашы-операторлар тартқан. Өйткені бұл веб-порно-студияның аудиториясы негізінен шетел азаматтары болған және қызмет ақысын шетел валютасымен төлеген.
25 жастағы Қырғызстан азаматы Әлішер Шаршеналиев осы трансұлттық қылмыстық топты басқарған. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесінің міндетін өзі бөліп берген. Қылмыстық топтың барлық мүшесі белгілі бір тәртіпке сай әрекет еткен.
"Жоғары жалақыны уәде етіп, тұрмысы төмен отбасынан шыққан келбеті сүйкімді қыздарды жұмысқа алған. Әрбір қыз белгілі бір қатаң ережелерге бағынған. Кез келген заңбұзушылық үшін үлкен айыппұлдар төлеген. Нәтижесінде тергеу тобы қылмыстық істің 167 томын жинады, әр томы 186 беттен тұрды. Яғни, көп томдық іс жалпы 31 мыңнан аса бет болды", - деді Талғат Әбуов.
2022 жылғы мамырда тергеушілер істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберді. Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, 2023 жылғы сәуірдің соңында үкім шығарды: ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әлішер Шаршеналиев қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды және оның қылмыстық тобының мүшелері 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!