Антикоррупциялық қызмет мамандары жалған кәсіпорындарды құру және сол іске басшылық ету бойынша күдікті К. Тукуноваға қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын аяқтады, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"К. Тукунова өзінің көлеңкелі бизнесіне прокурорлық тексерудің доғарылуы үшін Шымкент прокуратурасының басқарма басшысының орынбасарына 4 миллион теңге пара бермекші болған", - делінген хабарламада.
2019 жылы 17 шілдеде Шымкенттегі әл-Фараби аудандық сотының шешімімен К. Тикунова 7 жылға бас бостандығынан айырылды және мүлкі тәркіленеді. Сотталған адам коммерциялық және өзге де ұйымдарда басшылық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырылды.