Шымкентте шенеуніктен 50 миллион теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шымкентте Түркістан облысының шенеунігінен 50 миллион теңге бопсалаған кәсіпкерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте Түркістан облысының шенеунігінен 50 миллион теңге бопсалаған кәсіпкерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, күдіктіні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Мемлекеттік мекеме басшыларының бірі Шымкент қаласының Полиция департаментіне жүгінген. Күдікті шенеуніктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 миллион теңге бопсалап отырғанын айтты.

Бұл деректі жедел уәкілдер Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Қорқытып алу") бойынша тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады.

Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 миллион теңгесі жалған ақша болды. Күдікті қамауда.

Оған қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro