Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік орталығының қызметкерлері 36 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл ақша өңір мектептері мен колледждерінде спортшыларды дайындауға бөлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті орталықтың басшысы мен екі қызметкеріне, сондай-ақ Шымкент қаласының серіктес-тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Ақшалай қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорттық іс-шараларға дайындау шеңберінде тамақтандыруға бөлінген. Ұрлық дерегі ведомоствада спортшылар қолын қою арқылы жүзеге асқан. Яғни, бюджеттен ақша бөлінген, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілмеген, - деді баспасөз қызметіндегілер.
Тергеу барысында айыпталушылар алдын ала сөз байласып, оларға қатысты жүргізіп жатқан Экономикалық тергеу департаменті жедел қызметкеріне 6 миллион теңге сомасында пара беруге тырысқаны мәлім болған. Әдістемелік орталық қызметкерлері екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!