14 тамыз 2015 | 10:42

Шымкентте тағы бір жарылыстан 11 жастағы оқушы қыз зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сhitatel.com.ua © Сhitatel.com.ua

Шымкентте тағы бір жарылыстан 11 жастағы оқушы қыз зардап шекті, бұл дерекке байланысты тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте тағы бір жарылыстан 11 жастағы оқушы қыз зардап шекті, бұл дерекке байланысты тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ОҚО ІІД Еңбекші ПБ қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы оқиға орнына 12 тамызда 13.00-де жетті. Олар 12.40-та болған шу мен термиялық әсер әкелген жарылыстан 11 жастағы оқушы қыздың зардап шеккенін анықтады. Қыз бірінші дәрежелі күйік алды. Ол ауруханаға барудан бас тартты", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Осы дерек бойынша "Бұзақылық" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жарылыс жасады деген күдікпен Чапаевка ауданының 1993 жылғы тұрғыны ұсталды, оның бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. "Аудандық бөлімнің тергеушілері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауға алынды", - деді ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте тағы бір жарылыстың болғаны хабарланған еді. Жарылыс қаладағы "Оңтүстік" ықшамауданында болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети