10 маусым 2014 | 14:34

Шымкентте төрт адамды пышақтаған қаныпезер өмір бойы бас бостандығынан айрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото nnm.ru сайтынан алынды Фото nnm.ru сайтынан алынды

Төрт адамды өлтіргені үшін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне судья Абинұр Қарабаева мәлім етті. 


Иконка комментария блок соц сети

Төрт адамды өлтіргені үшін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне судья Абинұр Қарабаева мәлім етті. 

40 жастағы азамат ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотталды. Оған: "Адам өлтірді", "Қарақшылық және ұрлық жасады" деген айып тағылды. Қылмыстық кодекстің іс материалы бойынша, 2014 жылдың ақпан айында 40 жастағы Евгений Еремин өзінің танысының үйіне қонаққа келген. Көп мөлшерде ішімдік ішкеннен кейін олардың арасында дау басталған. Ерегістің арты төбелеске ұласып, пәтер иесі сотталушының басынан бір затпен қойып қалған. Алайда қонаққа келген кісі ас үй пышағын алып, үй иесін пышақтап тастаған. "Ол үй иесін ваннаға дейін қуып, ол жерде бірнеше рет пышақ ұрған. Ал әйелі айыпталушының мойнына қарай ұмтылғанда, алайда ер адам оны бірден лақтырып жіберіп, оның да жүрегіне пышақты үш рет сұғып алған. Ол да мерт болды", - дейді ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаева. 

Оның айтуынша, осыдан кейін Евгений Еремин бірден пәтерді тінтіп, сататын заттар іздеген. Алайда ол үш телефон ғана алып үлгерген, себебі осы кезде үйге марқұм ер адамның келіні кіріп келген. Сотталушы оны да өлтіріп тастаған. "Үш адамның қанын жүктеген Евгенийдің есіне кенет келіннің күйеуі қаладағы атақты зергер екені түседі. Сондықтан келіннің қалтасынан дереу кілтті алып, соның үйіне қарай тартады. Алайда сол күні үй иесі үйінде болған. Сотталушы оған жеті рет пышақ сұққан. Бәрін өлтіріп зергерлік бұйымдарға енді ауыз сала бастағанда полиция қызметкерлері келіп қалады", - дейді судья А.Қарабаева. 

Полицияны көрген Евгений қатты қорқып, жәбірленуішінің үйінде асылып өлмекші болған, алайда полиция қызметкерлері есікті сындырып, оны өлімнен құтқарып қалған. Сотта ол ештемені теріске шығарған жоқ. Тіпті сотталушының отбасы да жоқ екен. Енді ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады. Онда ол нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделетін болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети