Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған қылмыскер 12 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал педофил 12 жылға сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қаланың Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал педофил 12 жылға сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қаланың Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламада қылмыстық оқиға 2019 жылы болғаны айтылған. Шымкент соты қылмыскерді кінәлі деп таныған. Сондай-ақ, педофил 10 жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен қызмет атқару құқығынан айырылды.

"2020 жылдың 1 шілдесінде Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмағандарды зорлау" бабы бойынша айыпталушы кінәлі деп танылды. Ол орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада ер адам қылмыстық оқиға кезінде мас болғаны айтылды. 

"Сот 2019 жылдың 21 шілдесінде сағат 15:00 шамасында айыпталушы мас болғанын анықтады. Ол Шымкент қаласындағы Застенная көшесіндегі қараусыз қалған ғимаратта 2015 жылы 9 тамызда туған жас қызға қатысты зорлық-зомбылықсыз азғындық әрекеттер жасаған.

Азғындық әрекеттердің нәтижесінде қыз плитадан жерге құлап түсті. Бала құсып, асфиксия пайда болып, тыныс алуы қиындаған. 

Бірақ айыпталушы баланы құтқарып қалу мүмкіндігі бола тұра жәбірленуші қиналып жатқан кезінде оқиға орнынан қашып кеткен. Сөйтіп бала оқиға орнында көз жұмған", - дейді қалалық соттың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Үкім заңды күшіне әлі енбеген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro