Шымкентте төрт қаржылық пирамиданы ұйымдастырғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте төрт қаржылық пирамиданы ұйымдастырғандар ұсталды © elements.envato.com

Шымкент қалалық Экономикалық тергеу басқармасы "Өз үйім", "Табыс", "Онлайн Табыс" және GAP қаржы пирамидаларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қалалық Экономикалық тергеу басқармасы "Өз үйім", "Табыс", "Онлайн Табыс" және GAP қаржы пирамидаларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, пирамидаларды ұйымдастырушылар еліміздің түкпір-түкпірінде қылмыстық әрекеттерді бастап, жүздеген азаматтың сеніміне кірген.

Іс бойынша айыпталушылар жеті күн ішінде 40 пайызға дейін дивидендпен түрлі инвестициялық бағдарламаларға ақша салу бойынша және жылжымайтын мүлік құнынан ең төмен бастапқы жарнамен тұрғын үйді немесе автокөлікті пайызсыз сатып алу жөнінде қолайлы шарттарды жарнамалаған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын бір миллиард теңгеден асады. Шымкент қаласының прокуратурасы үш айыпталушыны сотқа жіберді, олар заң бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қалалық прокуратура азаматтар өз қаражатын күмәнді және тексерілмеген, қомақты қаржы мен үлкен пайда ұсынатын ұйымдарға сенбеу керектігін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети