17 наурыз 2015 | 09:13

Шымкентте туған әпкесін ақша үшін өлтірген жігіт түрмеде 17 жыл отыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Шымкентте туған әпкесін ақша үшін өлтіріп, мәйітін қоқыс контейнеріне тастаған 19 жастағы жігіт сотталды, - деп хабарлайды "Жетінші арна".


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте туған әпкесін ақша үшін өлтіріп, мәйітін қоқыс контейнеріне тастаған 19 жастағы жігіт сотталды, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

Еске салайық, бұл қанды оқиға өткен жылдың 28 шілдесі күні болған еді. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, сол күні Шымкент тұрғыны туған әпкесін вокзалдан қарсы алып, оны жалға алынған пәтерге жеткізеді, кейін екеуінің арасында ақшаға байланысты жанжал туады. Түнде қыз ұйқыға кеткенде жігіт оған пышақ салады. Кейін оның мәйітін сөмкеге салып, қоқыс контейнеріне апарып тастайды. Тергеудің мәліметінше, жігіт полицияға әпкесінің жоғалып кеткенін хабарлауға кеңес берген достарын екі ай бойы түрлі уәжбен алдап келген. 

Сотта Шымкент тұрғыны әпкесін оның пәтері мен ақшасына ие болу үшін өлтіргенін мойындады. "Ол қаннен-қаперсіз тіршілік кешіп, Алеля Байболоваға тиесілі ақшаны жұмсап келген, ал оның пәтерінің құжаттарын өзі иемденген, пәтерді өз атына рәсімдегісі келгенімен, бірақ ол мүмкін болмаған. Руслан Байболов ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігінің "в", "з" тармақтары, 175-бабының 3-бөлігінің "б" тармағы, 324-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оған жеке мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді", - деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самидин Темірәлиев. 

Судьяның айтуынша, Руслан мен Алеля - Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері. Олардың туыстары бар, бірақ сот процесіне олардың ешқайсысы қатысқысы келмеді. Сотта Шымкент тұрғыны істеген ісіне өкінетінін айтып, судьядан жалғыз орындық камерада өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети