15 маусым 2024 14:35

Шымкентте зауыт директоры заңсыздықты анықтаған жедел топқа пара ұсынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Шымкенттегі кәсіпорында заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін спирт зауытының басшысы құқық қызметкерлеріне пара ұсынған. Ол ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.


Шымкенттегі кәсіпорында заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін спирт зауытының басшысы құқық қызметкерлеріне пара ұсынған. Ол ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Арна тілшілері Шымкентте Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған алкоголь өнімін өндіріп, сататын астыртын цехты әшкерелегенін хабарлады. Олар жергілікті зауытта өндірілген алкогольді шикізат ретінде пайдаланған.

Оқиға орнына барған жедел топ өрескел заңбұзушылықтарды анықтағанымен, зауыт қожайыны істі жабу үшін қызметкерлерге 20 мың доллар және тағы миллион теңге пара ұсынған. Нәтижесінде астыртын цехты ұйымдастырушылар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, ал спирт зауытының директоры ірі көлемде пара берді деп айыпталып отыр.

"Соталды тергеу барысында Шымкент тұрғындары жалған алкоголь өнімін одан әрі өндіру үшін зауыттан алкоголь сатып алғаны анықталды. Осыған байланысты тергеу органы спирт зауытының қызметіне тексеру жүргізді, оның барысында есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру дерегі анықталды. Сонымен қатар, мереке және демалыс күндері есепке алынбаған спиртті заңсыз жөнелтудің мән-жайы анықталды, бұл "этил спиртін сақтау және өткізу ережесін" бұзуға әкеп соқтырды", - деді Шымкент прокуратурасының бірінші бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Карманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 458.15   490.7   5.23 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети