Шымкенттегі эвакуация пунктінде Қанат Бейсекеевке шабуыл жасалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© facebook.com/beisekeyev © facebook.com/beisekeyev

Белгісіз адамдар Vласть басылымының журналистері Қанат Бейсекеев пен Әділет Әбішке шабуыл жасады. Оқиға Арыс тұрғындарына арналған эвакуация пунктерінің бірінде, Шымкенттің орталығындағы "Ақ мешітте" видеорепортаж жасап жүргенде болған, - деп хабарлайыды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз адамдар Vласть басылымының журналистері Қанат Бейсекеев пен Әділет Әбішке шабуыл жасады. Оқиға Арыс тұрғындарына арналған эвакуация пунктерінің бірінде, Шымкенттің орталығындағы "Ақ мешітте" видеорепортаж жасап жүргенде болған, - деп хабарлайыды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қанат Бейсекеевтің айтуынша, оларды бір топ қоршап алған. Олардың қатарында Арыста зардап шеккендер мен еріктілер де болған. Бұзақылар БАҚ өкілдерін соққыға жығып, техникасын бүлдірген. 

Жақын маңдағы кезекші полицейлер араласпағанда, бұл қақтығыстың неге жететіні белгісіз еді. Олар журналистерді ортадан шығарып алып, көлікке отырғызған.  

"Қазір барлығы қалыпты. Бұл адамдардың кім екенін анықтағым келмейді. 50-ге жуық адам болды. Олар жай ғана ашуын менен алды. Мүмкін, мен олар сияқты көрінбеген шығармын. Бізге көмектескісі келгендер де болды, қорғауға тырысты (...)", - дейді Қанат Бейсекеев.

Журналист полицияға арыз жазбайтын болды. "Маған мұның қажеті жоқ. Жай ғана үйге қайтып кеткім келеді", - деді ол.

Шымкент полицейлері мен қала және облыс әкімшілігі болған оқиға туралы хабардар. 

Қанат Бейсекеев - деректі фильм түсіретін танымал режиссер. Оның жұмыстарының ішінде - Нұрлан Сабуров жайлы фильм, АҚШ-тағы Qazaq boks stıli қазақстандық боксшылар туралы лентасы бар. 2018 жылдың маусымында ол Иранда ұсталып қалған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro