Шымкенттегі студент қыздың жантүршігерлік өлімі: күдікті қамауға алынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі студент қыздың жантүршігерлік өлімі: күдікті қамауға алынды Фото: otyrar.kz

Шымкент Полиция департаменті 21 жастағы студент қызды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент Полиция департаменті 21 жастағы студент қызды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта адам өлтіру дерегі бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

"Сот санкциясымен күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полиция марқұмның туған-туыстары келтірген барлық уәж бен деректер бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Әңгіме марқұмның жақындарының әлеуметтік желілерде жариялаған жазбаларына қатысты. Аталған жазбаларда туыстары күдікті бір кездері қызды ұрлап әкеткені, алайда ата-анасы оны қайтадан үйіне алып қайтқаны, сондай-ақ студент қызды ұзақ уақыт бойы аңдығаны (сталкинг) айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети