Шымкенттегі сыра зауыты әлі де ІІМ органдарының бақылауында, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Айта кетейік, зауыттың иесі Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда ұсталған болатын.
Шымкенттегі сыра зауыты әлі де ІІМ органдарының бақылауында, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Айта кетейік, зауыттың иесі Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда ұсталған болатын.
Басылымның мәліметінше, Шымкенттегі сыра зауыты қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Жұмысшылардың айтуынша, тексеру жұмыстары жалақы беретін кезде басталған. Енді олар жалақыны ала алмаймыз ба деп қауіптеніп отыр. Қызметкерлердің бірінің айтуынша, өткен айда да зауыт жалақыны жұмысшыларға толық бермеген.
Еске салайық, осыған дейін Шымкентте арнайы операция кезінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ұсталғаны хабарланған болатын. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. Кейін "Террорлық қатерлерді сараптау орталығының" директоры Рамиль Латыпов Шымкентте белгілі кәсіпкер, ТҚСО-ның бұрынғы басшысы Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.