Шымкенттегі зергерлік цехта контрабандалық жолмен келген алтын тәркіленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Шымкентте зергерлік бұйымдар шығаратын цехта контрабандалық жолмен алынған алтын құйылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте зергерлік бұйымдар шығаратын цехта контрабандалық жолмен алынған алтын құйылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына Алтынтөбе тұрғын үй алабындағы жағдай туралы жаңа мәлімет түсті. Ондағы тұрғындар құқық қорғау органдарының бірнеше күн бойы зергерлік бұйым шығаратын цехтардың біріне тінту жүргізіп жатқанына наразы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құқық қорғау органдарының әрекеті заңсыз және ондаған отбасыны табыс көзінсіз қалдырған.

Дереккөздер мәліметіне сүйенсек, Шымкент аумағында бірден бірнеше жерасты цехы лицензиясыз жұмыс істеген. Тінту мен басқа да тергеу әрекеттері - бірнеше жыл бойы аса ірі көлемде қазақстандық алтынды контрабандалаумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты құрықтау бойынша ҰҚК арнайы операциясының бір бөлігі.

Қылмыстық топ республиканың бірнеше өңірінде жұмыс істеген. Бұл ретте аталған цехтарда заңсыз өндірілген және қайта өңделген алтынның көлемі жүздеген келі болған. Ал келген залалдың сомасы ондаған миллиард теңгеге жуық.

Отандық алтынға тапсырыс берушілер ретінде Таяу Шығыс елдерінің қылмыстық топтары аталған. Сондай-ақ, жерасты цехтары жұмыс істеп тұрған кезде жергілікті полиция органдарына қызметкерлердің жарылғыш химиялық және психотроптық заттарды қолдануына қатысты шағымдар түскен.

Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін БАҚ-та Шымкенттегі Алтынтөбе ауыл тұрғындары алтын өнімдерін өндіретін жергілікті цех директорының ұсталуына қарсы болғаны хабарлаған еді. Тұрғындардың көбі цехта жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro