18 қыркүйек 2019 | 13:15

Шымкенттік ерлі-зайыптылар мал ұрлығымен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалды полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс аумағындағы 5 ауданда, 2 ай көлемінде мал ұрлықтары қылмыстарымен айналысып жүрген ерлі-зайыптыдан құралған қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалды полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс аумағындағы 5 ауданда, 2 ай көлемінде мал ұрлықтары қылмыстарымен айналысып жүрген ерлі-зайыптыдан құралған қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен, Ордабасы АПБ-нің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғын аразданып, тамыз айында белгісіз тұлғалар мал жайылымдық жерінде жайылып жүрген 1 бас бұзауын жасырын ұрлап кеткенін көрсетеді. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Дәл осындай арызбен полицейлерге тағыда бірнеше жәбірленушілер шағым түсірген.

Мал ұрыларын ұстау және орын алған қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобын құрды. Тәртіп сақшылары жақын аймақтарды қарап, куәгерлерден сұрастырып, мал сату орындары мен мал тасымалдаушы автокөліктерді тексеріп, басқа да қажетті іс-шараларды жүргізді.

Нәтижесінде, жедел уәкілдер ер мен әйелді күдікті ретінде ұстады, олар Шымкент қаласының тұрғындары және ерлі-зайыпты болып шықты. Полицейлер анықтағандай мал ұрылары жайылымдағы адамдардың болмағанын пайдаланып, бұқалар мен егесіз қойларды ұрлап кеткен. Ол малдарды өздерінің автокөліктеріне салып, оқиға болған орыннан бой тасалаған. Олар ұрланған мүліктерді жайғастырып, ақшаларын өздерінің қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сондай-ақ полицейлер заң алдында жауапкершілікке тартылатын, ұрланған малдарды сатып алушы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Тергеу олардың 10-нан астам мал ұрлығына қатыстылығын айқындады. Олар жасаған қылмыстар Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек сияқты облыс аудандарын қамтыған. Олар келтірген жалпы шығын жәбірленушілерге жарты миллион теңгені құраған. Қазіргі кезде аталған жайт бойынша "Ұрлық" бабы бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер құрықталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети