Шымкенттік полицей жоғалтқан автоматты кәуапшы тығып қойған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Калашников автоматы. ©zbroya.info Калашников автоматы. ©zbroya.info

Шымкентте полиция сержантының кафе маңында жоғалтып алған Калашников автоматы басқа бір кәуапханадан табылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте полиция сержантының кафе маңында жоғалтып алған Калашников автоматы басқа бір кәуапханадан табылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов хабарлады. 

Ол 30 патроны бар автоматты белгісіз біреулер кәуапхана асханасына әкеліп тастағанын айтты. "Кафе жұмысшыларының айтуынша, оқиға кешкісін болды. Кәуапшы біреудің терезеден ішке автоматты лақтырып жібергенін көрген. Ол қаруды жертөлеге жасырған, кейін біреу Абай аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, табылған зат туралы айтқан", - деді Әйтімов.

Қазір құқық қорғау органдары кәуапшының автоматты неге жасырғанын анықтап жатыр. Полицияға қоңырау шалған адамның кім екені тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр. Айта кетейік, бұл кафе асханасының терезесіне қаруды тастап жіберу үшін адамға биік дуалдан секіріп өтуге тура келеді, оның үстіне, терезенің декоративті торы бар.

Еске салайық, шымкенттік сержанттың автоматы 24 қыркүйекте жоғалып кетті. Ол кафелердің бірінен түскі ас ішпек болған, қаруын досының машинасына қалдырған. Түскі астан оралған кезде көліктен автоматты таппай қалады. Бұл дерек бойынша "Ұрлық" және "Салақтық" баптарымен екі қылмыстық іс қозғалды. Органда екі жыл қызмет істеген сержант жұмыстан шығарылды. Қалада ҚР ІІМ-нің арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.92  course up  597.41  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer